15
апрель 2022
Қатынасқа дейінгі алдын алу дегеніміз не?
атынасқа дейінгі алдын алу (ҚДА, PrEP) - адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырудың алдын алу үшін антиретровирустық препараттарды қолдану. ҚДА АИТВ-теріс пациенттерге АИТВ-ға тест тапсырғаннан кейін бірден тағайындалады.
Қатынасқа дейінгі алдын алу -адамдарға АИТВ жұқтыру ықтималдығын азайтуға қосымша мүмкіндік беретін тиімді профилактикалық құрал.
ҚДА -презервативтер мен лубриканттарды қолданумен, мінез-құлықтық кеңес берумен, қатынастан кейінгі алдын алумен, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды (ЖЖБИ) емдеумен және антиретровирустық терапиямен қатар АИТВ-ның алдын алудың тағы бір тәсілі болып табылады.