15
апрель 2022
Мәртөк ауданының ішкі істер бөлімінің жеке құрамына дәріс
Облыстық ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Динара Уразалинова 15 сәуір күні АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында Мәртөк ауданының ішкі істер бөлімінің жеке құрамына дәріс өткізді. Дәріс барысында АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы айтып, қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар тыңдаушыларды АИТВ-инфекциясына байланысты нормативтік-құқықтық актілерімен таныстырды.