25
апрель 2022
ЖИТС орталықтарының баспасөз хатшылары өз білімдерін арттырды
19-20 сәуірде опиоидты агонисттерді қолдау терапиясы (ОАҚТ) бағдарламасы туралы хабардарлықты арттыру бойынша оқытудан өтті.
Тренингті ұйымдастырушы-ЖҚТБ-мен, туберкулезбен және безгекпен күресуге арналған Жаһандық қор (ЖТМБҚ) жобасы шеңберіндегі Республикалық психикалық денсаулық орталығы.
ОАҚТ -опиоидке тәуелділікті емдеудің ең тиімді әдістерінің бірі. Қазақстанда ОАҚТ 2008 жылдан бастап ЖТМБҚ қолдауымен іске асырылуда. 10 облыста 15 терапия кабинеті жұмыс істейді. Бағдарлама опиоидке тәуелді пациенттердің өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік бейімдеуге, АИТВ инфекциясының, В және С гепатиттерінің берілу қаупін азайтуға, АИТВ оң мәртебесі бар адамдардың антиретровирустық терапиясына бейілділігін арттыруға бағытталған. Бүгінгі таңда терапия өзінің тиімділігін көрсетті. Бағдарламаға қатысушылардың қылмыстық мінез-құлқының төмендеуі байқалады, көбісі отбасын құрып, жұмысқа орналасты. Бұқаралық ақпарат құралдары ОАҚТ туралы халықты ақпараттандыру ісінде ақпараттың кең ауқымы мен үлкен әсері бар, ал баспасөз хатшылары олардың арасындағы байланыстырушы көпір болып табылады. Сондықтан қолдаушы опиоидты терапияға қатысты дұрыс қоғамдық пікірді қалыптастыру үшін баспасөз хатшылары мен БАҚ өкілдерінің ОАҚТ туралы хабардар болу деңгейін арттыру қажет. #ТренингПЗТ_KZ #ТренингПЗТ_Kz