Медициналық ұйымда проблемаға тап болсаңыз, пациенттерді қолдау қызметіне хабарласыңыз
Сіздерді Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі қарсы алады.
Егер Сіз:медициналық көмек көрсету сапасына қанағаттанбасаңыз;
медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық персоналдың ақшалай қаражатты бопсалау фактілерімен кездессеңіз;
сондай-ақ медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемалық мәселелермен кездессе.
Сіз орталықтың № 30 кабинетіне хабарласа аласыз немесе өзіңіздің аты-жөніңізді, байланыс деректеріңізді (телефоныңызды, мекенжайыңызды) кассаға қарама-қарсы орналасқан шағымдар мен ұсыныстар жәшігіне міндетті түрде көрсете отырып, жазбаша өтінішіңізді қалдыра аласыз.
Сонымен қатар Сіз біздің aktobe-aids.kz сайтқа және 21-31-97 сенім телефоны бойынша хабарласа аласыз.
Біздің ұйымымыздың медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін сіздің өтініштеріңіз, түсініктемелеріңіз бен тілектеріңіз үшін Сізге алғыс айтамыз.
Құрметпен, пациенттерге қолдау көрсету қызметі