КА-168/1 мекемесінің арнайы контингентіне дәріс
Ақтөбе ЖИТС облыс орталығының ұйымдастыруымен ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/1 мекемесінің арнайы контингентіне дәріс өткізілді.
Шара барысында алдын алу бөлімінің эпидемиолг дәрігері Сұлутас Дәулетбаева АИТВ-инфекциясына түсініктеме беріп, берілу жолдары, сақтану шаралары соның ішінде жеке гигиенаның сақталу маңыздылығы туралы айтып берді. Ақтөбе облысы бойынша эпидемиолгиялық жағдайымен таныстырып, АИТВ-инфекциясына байланыста стигмамен кемсітушілікке жол бермеу керектігіне тоқталды. Дәріс соңында спикер АИТВ-инфекциясына байланысты авариялық жағдай кезінде іс-қимыл алгоритмі және қатынастан кейінгі алдын алу шаралары туралы түсінік беріп қойылған сұрақтарға жауап берді.