АИТВ туралы не білуіміз керек?
№9 мектеп гимназиясының оқушыларымен кездесу
27 сәуірде Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Динара Уразалинова " АИТВ туралы не білуіміз керек?». Кездесу №9 орта мектеп гимназиясының 10 сынып оқушыларымен өтті.
Маман АИТВ-инфекциясы туралы негізгі ақпаратты: берілу жолдары, алдын алу және емдеу шаралары туралы айтып берді. Сондай-ақ, спикер АИТВ-оң адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы атап өтті, өйткені берілу жолдары шектеулі және бүгінгі күні АИТВ инфекциясы созылмалы аурулар санатына өтті. Дәріскер өз презентациясында оқушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.