ИЕТ арасындағы аутрич-қызметкерлермен кездесу
2019 жылғы 19 қаңтарда ЖИТС ОО-да "Инъекциялық есірткіні қолданатын тұлғалар арасында АИТВ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі өзекті мәселелер" тақырыбында жұмыс кездесуі өтті. Алдын алу бөлімінің дәрігер эпидемиологы А.Артықбаева инъекциялық есірткіні қолданатын тұлғалар арасында 2018ж. жасалған профилактикалық жұмыстар және ИЕТ-мен жүргізілетін алдын алу бағдарламалары мен халықтың негізгі топтары арасында зиянды төмендету бойынша көрсеткіштері туралы айтты. Кездесу барысында орталықтың психологы Н.Қаримова сөз сөйледі. Орталықтың қызметкерлері аутрич-қызметкерлерімен сенімді қарым–қатынасы туралы ақпарат ұсынды, сондай-ақ тыңдаушыларға ИЕТ-ні АИТВ-жұқпасына тексеру үшін медициналық мекемеге алып жүруге тарту мақсатында жүгінді.
Кездесу барысында аутрич-қызметкерлермен қойылған сұрақтар қарастырылды.