ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-ның таралуын зерттеп жатыр
Ақтөбе облысында Облыстық ЖИТС орталығының мамандары 2022 жылғы сәуір-мамыр кезеңінде АИТВ-инфекциясының таралуына эпидемиологиялық қадағалау (бұдан әрі - ТЭҚ) жүргізеді.
ТЭҚ-тың маңыздылығы тек АИТВ-ның ғана емес, сонымен қатар В және С вирустық гепатиттерінің, мерездің таралуын зерттеу мүмкіндігі болып табылады, бұл жүргізілетін профилактикалық араласулардың тиімділігін бағалау және АИТВ-инфекциясының таралуына қарсы іс-қимыл жасау үшін барабар іс-шараларды жоспарлау үшін қажет.
Биылғы жылы мақсаттық топ ретінде инъекциялық есірткіні тұтынушылар (ИЕТ) таңдалды.
Аталған іс-шараның мақсаты АИТВ-инфекциясының таралу динамикасын, факторларын зерделеуге бағытталған ақпаратты жүйелі және тұрақты жинау болып табылады.