Оқушылармен алдын алу шаралары жалғастырылуда
3 мамыр күні Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының мамандары АИТВ –инфекциясының алдын алу мақсатында №38 орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.
Мамандар АИТВ-инфекциясы туралы негізгі ақпаратты: берілу жолдары, алдын алу және емдеу шаралары туралы айтып берді. Сондай-ақ, АИТВ-оң адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы атап өтті, өйткені берілу жолдары шектеулі және бүгінгі күні АИТВ инфекциясы созылмалы аурулар санатына өтті. Спикерлер өз презентациясында оқушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.
Кездесуді алдын алу бөлімінің педагогы Меруерт Матаева және эпидемиолог дәрігері Анар Куралова өткізді.