Ақтөбе ЖИТС орталығына Оңтүстік Корея мамандары келді
28-29 сәуірде ҚР-да ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қордың жобасын іске асыру тобымен өзара іс-қимыл жасау және Қазақ ұлттық Дерматология және инфекциялық аурулар орталығы басшылығының қолдауымен Ақтөбе қаласындағы ЖИТС ОО диагностикалық зертханасына Оңтүстік Кореядан мамандар келді: инженер Lee Woojoon, менеджер Одилов Парвиз және "Med holding" компаниясының инженері Нұрмұханбетов Айдар.
Күнделікті техникалық тексеру, "ExiCycler96" амплификаторының ПТР оптикалық және температуралық калибрлеу жүргізілді, аппаратқа қызмет көрсету бойынша жұмыс сәттері реттелді, тәуекелдерді талдау және басқару бойынша қажетті ұсынымдар берілді.