05
май 2022
9-10 сынып оқушыларымен кездесу
4 мамырда Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының педагогы Меруерт Матаева және эпидемиолог дәрігері Анар Куралова АИТВ-инфекциясы туралы дәріс өткізді. Кездесу №68 орта мектеп 9-10 сынып оқушыларымен өтті.
Мамандар АИТВ-инфекциясы туралы негізгі ақпаратты: берілу жолдары, алдын алу және емдеу шаралары туралы айтып берді. Сондай-ақ, АИТВ-оң адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы атап өтті, өйткені берілу жолдары шектеулі және бүгінгі күні АИТВ инфекциясы созылмалы аурулар санатына өтті. Презентацияда оқушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.