Ақтөбе қаласының медицина қызметкерлеріне арналған семинар
2019 жылдың 22 қаңтарында Ақтөбе қаласының №4 емханасында ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Алтынай Артықбаева орта мектептердің медицина қызметкерлері мен "Жастар денсаулық орталығы" мамандары үшін семинар өткізді.
Семинар барысында қатысушылар емханаға тіркелген тұрғындар арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу әдістерін үйренді.
"Жастар денсаулық орталығының" мамандарына АИТВ-жұқпасының алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетіліп, өткізілетін іс-шаралардың сапасына үлкен көңіл бөлінді.
2018 жылы емхана мамандарымен 2 мыңнан астам іс-шара өткізілді және 40 мыңнан астам адам қамтылды.