Баспасөз хабарламасы 12.05.22ж.
Қазақстанда ЖИТС-тен өлім-жітім он жылда екі есеге азайған.
15 мамырда, яғни мамыр айының үшінші жексенбісінде әлемде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні атап өтіледі. Биылғы жылғы ЮНЭЙДС ұраны: «Біздің жадымызда! Біз әрекет етеміз! Біз АИТВ-дан да күштіміз!». Ұран эпидемиядан қайтыс болғандарды ұмытпауға, ақпараттық-алдын алу бағдарламалары мен жобаларын белсенді түрде жүзеге асыруға, АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдардың (АӨА) ауруларынан артық екенін түсінуге және оларды стигма мен кемсітушілікке ұшыратпауға шақырады.
Жағдайлардың басым көпшілігінде ЖИТС-тен болатын өлім (АИТВ-инфекциясының дамуының соңғы сатысы) АИТВ жұқтырған адамның мамандандырылған ем алуға мүмкіндігі болмауына байланысты туындайды. Заманауи медицина жетістіктерінің арқасында АИТВ-инфекциясы өлім санатынан созылмалы ауруға ауысты. Антиретровирустық препараттармен (АРВП) емдеуді уақытында бастап, дәрігердің барлық нұсқауларын орындай отырып, АӨА ұзақ және толыққанды өмір сүре алады. Қазіргі заманғы емдеу әдістерінің арқасында АИТВ жұқтырған адамдардың өмір сүру сапасы АИТВ-жұқпасы жоқ адамдардың өмір сүру сапасынан еш айырмашылығы жоқ.
Қазақстанда он жыл ішінде ЖИТС-тен болатын өлім-жітім екі есе азайды. Бұл көрсеткіш - АӨА диагноз қойылғаннан кейін бірден берілетін тегін антиретровирустық терапияның (АРТ) қолжетімділігін арттырудың басты нәтижесі.
Жүргізілген жүйелі профилактикалық шаралардың нәтижесінде елімізде АИТВ-инфекциясының таралуы бойынша жағдай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша шоғырланған сатыда сақталып отыр. Ақтөбе облысы бойынша 2021 жылы тестілеу көлемі 6,6 пайызға артты. Есепке қою кезінде жүкті әйелдерді тестілеумен қамту 100% құрайды.
БҰҰ-ның 2021 жылғы Саяси декларациясының мақсаттары мен ЮНЭЙДС 95-95-95 мақсаттарын орындау шеңберінде Ақтөбеде АӨА бағалау санынан 76% – ы өзінің АИТВ ахуалын біледі, оның ішінде 85%–ы АРТ қабылдайды, 86%-да вирустық жүктеме айқындалмайтын деңгейде.
Дүниежүзілік ЖИТС-тан қайтыс болған адамдарды еске алу күні індеттен қайтыс болғандарды еске алу, олармен ынтымақтасу, тестілеуден өту қажеттілігі туралы хабардар ету, АИТВ індеті әрқайсымызға әсер етуі ықтимал деп ойлау мақсатында өткізіледі.
Еске алу күні алғаш рет 1983 жылы АҚШ-та Сан-Францискода өтті. 1991 жылы калифорниялық суретші Фрэнк Мур ЖИТС – ке қарсы күрестің символын жасады - бұл күні індетке ұшыраған адамдармен ынтымақтастық белгісі ретінде киімге бекітілген қызыл бау тағады. Тағы бір символ – ЖИТС-тен қайтыс болғандардың есімдері жазылған квилт-жамылғы және шамдар жағу.