14
май 2022
Keruencity келушілеріне АИТВ-инфекциясы бойынша сауалнама жүргізілді
12 мамыр Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аясында облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері сауалнама жүргізді. Сауалнама "Keruencity" сауда-ойын-сауық орталығының келушілері үшін АИТВ-инфекциясы мен стигма, кемсітушілік туралы жүргізілді. Сауалнама жасырын түрде жүргізілді, қатысушыларға АИТВ-инфекциясы бойынша ақпарат берілді.
2022 жылы еске алу күні 15 мамырға келеді. Биыл Дүниежүзілік еске алу күнінің тақырыбы "Біздің жадымызда. Біз әрекет етеміз. Біз АИТВ-дан да күштіміз", "We remember. We take action. We live beyond HIV».