Курсанттармен АИТВ-инфекцисы тақырыбында кездесу өтті
12 мамыр күні Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының мамандары Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аясында Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты курсанттарына кездесу өткізді.
Мамандар АИТВ-инфекциясы туралы негізгі ақпаратты: берілу жолдары, алдын алу және емдеу шаралары туралы айтып берді. Сондай-ақ, АИТВ-оң адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы атап өтті, өйткені берілу жолдары шектеулі және бүгінгі күні АИТВ инфекциясы созылмалы аурулар санатына өтті. Спикерлер өз презентациясында оқушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.
Кездесуді алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігерлері Динара Уразалинова және Анар Куралова өткізді.