Оқушылармен АИТВ-инфекциясы тақырыбында кездесу өтті
Облыстық ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Сандуғаш Жулмагамбетова Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аясында оқушыларға кездесу өткізді. Дәріс 27 және 11 орта мектеп оқушылары арасында АИТВ – инфекциясының алдын алу мақсатында өткізілді.
Спикер АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы айтып, қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар бүгінгі күні АИТВ-инфекциясымен толыққанды өмір сүруге, білім алуға және жұмыс істеуге толық мүмкіндік бар екенін атап өтті.