Әлеуметтік педагогтар АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша оқытудан өтті
17 мамыр күні «Өрлеу» Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша әлеуметтік педагогтарды оқыту өтті.
Алдын алу бөлімінің педагогы Меруерт Матаева тыңдаушыларға АИТВ-инфекциясының ұғымы, оның берілу жолдары, емдеу және тексерудің қолжетімділігі туралы айтып берді. Сондай-ақ, спикер стигмаға жол бермеудің, АИТВ-позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеудің маңыздылығы туралы атап өтті, өйткені бұл АИТВ-ның алдын алу ісіндегі басты кедергі және теріс фактор болып табылады. Іс-шараға қатысушылар Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы таныстырылды.
2022 жылы еске алу күні 15 мамырға келеді. Биыл Дүниежүзілік еске алу күнінің тақырыбы "Біздің жадымызда. Біз әрекет етеміз. Біз АИТВ-дан да күштіміз", " We remember. We take action. We live beyond HIV».