АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша Ақтөбе қ.аласындағы медицина қызметкерлері арасындағы ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстары
2019 жылдың 21-25 қаңтарында Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөнінідегі орталығы, эпидемиологиялық бөлімінің мамандары Ақтөбе қаласының емханалары мен ауруханаларының медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарларын өткізді.
Орталық мамандарымен қатысушыларды Ақтөбе облысының эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды.
Жүкті әйелдер мен қан құйылған адамдарды тексеру, апаттық жағдайлардың алдын алу, байланыстан кейінгі алдын алу мәселелері қаралды. Семинар барысында теориялық және практикалық мәселелер, донорлық қан құю, оны алу және жеткізу кезіндегі алдын алу мәселелері де талқыланды. Атқарылған жұмыстар сараланып, сәйкесінше кеңестер берілді.