Ақтөбеде бас дәрігерлердің орынбасарларына арналған семинар өтті
АИТВ/ЖИТС кезінде құпиялылықты сақтау мәселелері, АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемилогиялық жағдай, АИТВ және С гепатитінің қос инфекциясы бар науқастарды емдеу осы және басқа да мәселелер 19 мамырда бас дәрігерлердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен МҰ жауапты мамандарына арналған семинарда көтерілді.
Іс-шараны бас дәрігердің орынбасары Әлия Шапиева ашты. Ол АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасында вирусты гепатитті уақтылы емдеудің маңыздылығын атап өтті.
Емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Табиға Жулумова кіріспе сөз сөйлеп, семинарға қатысушыларды АИТВ/ЖИТС кезінде құпиялылықты сақтау мәселелеріне қатысты нормативтік-құқықтық құжаттар, АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидалары, АИТВ-ға байланысты стигма мен кемсітушілік туралы таныстырды.
Емдеу-алдын алу бөлімінің инфекционист-дәрігері Зәуре Нығметова АИТВ инфекциясы мен созылмалы гепатиті бар пациенттерді жүргізу туралы айтып берді.