26
май 2022
Жеке құрамға арналған дәріс
Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Сұлутас Дәулетбаева 26 мамырда Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД УКА-168/3 мекемесінің жеке құрамына АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында ол АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы айтып, қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды және сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ тыңдаушыларды АИТВ-инфекциясымен байланысты нормативтік-құқықтық актілермен таныстырды.