26
май 2022
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекспен таныстырылды
25 мамырда ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігерлері Жулмагамбетова Сандуғаш және Қуралова Анар "Наша жизнь" ҚБ аутрич қызметкерлеріне семинар өткізді. Спикерлер семинарға қатысушыларды "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексіне" сәйкес АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы таныстырды. Семинар барысында Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат ұсынылды.