27
май 2022
Мемлекеттік қызметшілерге АИТВ-ның алдын алу туралы дәріс
Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығы мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлеріне дәріс ұйымдастырды. Іс-шара барысында алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігері Сандуғаш Жулмагамбетова АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, сақтық шаралары, оның ішінде жеке гигиенаны сақтаудың маңыздылығы туралы айтып берді. Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілік пен стигмаға жол бермеу туралы атап өтті. Дәріс соңында спикер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.