АИТВ-жұқпасының алдын алуға арналған Ақтөбе қаласының медбикелеріне арналған семинар
2019 жылының 24 қаңтарында Ақтөбе облысытық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Динара Уразалинова АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша мед.қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинарға №1 қалалық емханасына бекітілген мектептердің және колледждердің медбикелерімен фельдшерлері, «Келешек» жасатр денсаулығық орталығының қызметкерлері қатысты.
Дәрігер-эпидемиолог АИТВ-жұқпасының ерекшеліктерімен, алдын алу шаралары, кеңес беру және медициналық көмек, стигма және кемсітушілік ұғымдары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. АИТВ және ЖИТС сұрақтары бойынша білім деңгейін анықтау мақсатында семинарға дейін және кейін сауалнама өткізілді. Семинардың соңында Д. Уразалинова қатысушылардың барлық сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар "Мечта, Мечта" бейнеролик көрсетті.