АИТВ туралы дәріс

Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығы ҚАЖ департаментіне қарасты ка-168/3 мекемесінің арнайы контингентіне дәріс ұйымдастырды.
Іс-шара барысында алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева мен алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігері Сұлутас Дәулетбаева АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, сақтық шаралары, оның ішінде жеке гигиенаны сақтаудың маңыздылығы туралы айтып берді. Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке және стигмаға жол бермеу туралы атап өтті. Дәріс соңында спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, АИТВ-инфекциясымен байланысты авариялық жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмін және қатынастан кейінгі алдын алу шараларын түсіндірді.