АИТВ-инфекциясы бар ана вирусты балаға бере алады.
Бала жүктілік, босану немесе емізу кезінде АИТВ-оң анасынан АИТВ-инфекциясын жұқтыруы мүмкін. АИТВ-инфекциясының анадан балаға арнайы алдын алу іс-шараларынсыз берілу ықтималдығы 40% - ға дейін құрайды. Сондықтан барлық жүкті әйелдер АИТВ-ға тест тапсыруға жіберіледі. Вирус анықталған жағдайда, баланың дені сау болып туылуы үшін бәрі жасалады.
Антиретровирустық терапия, жасанды тамақтандыру және басқа да әдістер инфекция қаупін нөлге дейін төмендетеді. Ал жүктілікті жоспарлау кезеңінде екі серіктеске де АИТВ-ға тест тапсырып, өз денсаулығына және болашақ сәбидің денсаулығына сенімді болған дұрыс.