16
июнь 2022
Серологиялық терезе

АИТВ инфекциясының болуын немесе болмауын тек арнайы қан анализі арқылы анықтауға болады. Оның мақсаты -вируспен күресу үшін организм шығаратын қорғаныс антиденелерін анықтау. Бірақ АИТВ-ға қарсы антиденелерді жұқтырғаннан шамамен1-2 айдан кейін анықтауға болады. Жұқтырған уақыттан бастап антиденелер пайда болғанға дейінгі уақыт кезеңі серологиялық терезе кезеңі деп аталады.
Серологиялық терезе кезеңі-бұл адам ауырып қалған, бірақ АИТВ-ға қарсы антиденелеріне қан анализі теріс болған кезең. Алайда, вирустың қандағы концентрациясы басқа адамдарға жұқтыру үшін жеткілікті. Көптеген науқастарда антиденелер 3 айға дейін пайда болады. Жалпы, серологиялық терезе кезеңі 1 айдан 3 айға дейін созылады.