Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында өткізілген дөңгелек үстел
Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында 23 маусым күні ЖИТС орталығы «АИТВ инфекциясының парентеральді жолмен берілуінің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс шара Жастар ресурстық орталығы жанындағы Coworking center-де Облыстық психикалық денсаулық орталығы, Анонимді нашақорлар, қалалық емханалар жанындағы жастар денсаулық орталықтарының және үкіметтік емес ұйымдардың мамандарының қатысуымен өтті.
Дөңгелек үстел барысында Зияндылықты төмендету бағдарламасы: АИТВ-инфекциясының парентеральді жолмен берілуінің алдын алуда жүргізілген жұмыстардың қорытындылары, Опиойдтті агонистермен қолдау терапиясы, Анонимді нашақорлар қоғамының атқаратын іс-шаралары, мақсаты туралы сөз қозғалды.
Зияндылықты азайту немесе шприцтерді тарату бағдарламасы АИТВ-инфекциясының, С гепатитінің және қанмен берілетін басқа вирустардың таралу деңгейін төмендетеді және оны статистика жеткілікті түрде көрсетеді. Ақтөбе облысында осы бағдарлама жұмыс істеген 20 жыл ішінде АИТВ-ның парентералдық берілу жолының санын 75% - ға төмендетуге қол жеткізілді (2001 ж. парентералдық берілу жолы 96% - ды, 2021 ж. -21% - ды құрады).
Эпидемиологиялық жағдай: облыста 1989 жылдан бастап 659 адам АИТВ-инфекциясымен тіркелді, оның ішінде ҚР азаматтары – 555. Біздің облыс АИТВ-инфекциясының таралуы салыстырмалы түрде төмен ҚР өңірлеріне жатады, ел бойынша 15-орын (17 өңірден). 2022 жылдың 5 айында 29 АИТВ-жұқпасы тіркелді, оның 86% - ы жыныстық жолмен, 7% - ы парентеральды, инъекциялық есірткіні қолдану арқылы жұқтырылды.