АИТВ және Сіздің еңбекке құқығыңыз
"Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексінің" 161-бабына сәйкес АИТВ-инфекциясын жұқтырғандарды оларда АИТВ-инфекциясының болуы негізінде жұмыстан шығаруға жол берілмейді.
Біздің елімізде кез-келген ұжымда, қауымдастықта, оның ішінде отбасы, мектеп, көлік, жұмыс орнында кемсітушілік немесе стигма жағдайлары сирек емес. Біздің әрқайсымызда стигма немесе дискриминация жағдайларына түсу қаупі бар. Адамда стресс пен терең теріс тәжірибе тудыратын мұндай жағдайлар АИТВ жұқтырған қызметкерлердің жағдайын одан сайын ушықтырады.
Біздің әрқайсымыз АИТВ жұқтырған қызметкерлерге төзімділікті арттыруға ықпал ете аламыз!