Әлеуметтік педагогтар АИТВ - инфекциясы тақырыбында дәріс тыңдады
Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері облыстың әлеуметтік педагогтарына дәріс өткізді. Іс-шара барысында әлеуметтанушы Самал Мұханбетжанова және алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігері Анар Құралова АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, сақтық шаралары, оның ішінде жеке гигиенаны сақтаудың маңыздылығы туралы айтып берді. Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке және стигмаға жол бермеу туралы атап өтті. Дәріс соңында спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Іс-шара "Өрлеу"біліктілікті арттыру ұлттық орталығында өтті.