Қазақстанда АИТВ-ның қатынасқа дейінгі алдын алу бағдарламасы туралы семинар
"Ғылыми және практикалық бастамалар орталығы" ҚҚ "Қазақстанда АИТВ-ның қатынасқа дейінгі алдын алу бағдарламасына ЕЖҚЕ және транс*тұлғаларды тарту" (Aman Bol PrEP) жобасы бойынша Жаһандық қордың грантын іске асыру шеңберінде ЖИТС орталығының медицина қызметкерлеріне және "Наша жизнь" ҚҚ аутрич қызметкерлеріне арналған тренинг өткізді.
Тренинг барысында АИТВ-инфекциясына кеңес беру бойынша практикалық жаттығулар артынан сілекей бойынша тестілеу өткізу, қызмет көрсетуге клиентті ынталандыру, тарту және ұстау, оның ішінде ЖИТС орталығынан және ҮЕҰ PrEP алу бойынша топтық жаттығулар өткізілді.
Тренингтің мақсаты - қызметкерлерге алдын - алу алгоритмін, тестке дейінгі және кейінгі кеңес беруді, әлеуметтік қолдауды және ҮЕҰ қызметкерлерін медициналық мамандармен үйлестіруді үйрету.