30
январь 2019
Алға қаласындағы студенттер және оқытушыларымен кездесу
2019 жылдың қаңтардың 25-нде Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері Д.Уразалинова «Алға индустриалды-техникалық колледж» студенттерімен мұғалімдеріне және Алға қаласындағы орта мектептердің 8-11класс жетекшілерімен кездесу өтті. Кездесу барысында АИТВ және ЖИТС-тің маңызды сұрақтары, жұғу жолдары және кемсіту мен оқшаулау туралы сұрақтар талқыланды.
Дәрігер-эпидемиолог студенттерге АИТВ-жұқпасының алдын алу шаралары туралы нақты айтып берді. Сонымен қатар, студенттердің барлық сауалдарына жауап берді.