ХНТ арасында алдын алу жұмыстары
Халықтың негізгі топтары (КГН) — өмір салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары халық топтары. Бұл топқа ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар (ЕЖЕ), инъекциялық есірткі тұтынушылар, секс-қызметкерлері (СҚ) кіреді.
Жалпы еліміз бойынша, соның ішінде Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығы инъекциялық есірткіні қолданатын адамдар үшін "Зияндылықты азайту" профилактикалық бағдарламасын табысты іске асыруда. Осы бағдарлама аясында аутрич-қызметкерлер өз клиенттеріне мүшеқаптар мен шприцтерді тегін таратады.
Бүгінгі таңда ИЕТ қатарынан 5 адам тең-теңімен принципі бойынша аутрич-жұмысқа тартылған. Аутрич қызметкерлер орталықтың медицина қызметкерлерімен бірлесіп профилактикалық және ақпараттық-білім беру жұмыстарын жүргізеді. Бұдан басқа, олар клиенттермен жеке әңгімелесулерде ақпараттық жұмыс жүргізеді, АИТВ-инфекциясының, ЖЖБИ-нің, есірткіні тұтынудың зияндылығының, кездейсоқ жыныстық байланыстардың алдын алу жолдарын айтады және ақпараттық-білім беру буклеттерін таратады. Аутрич-қызметкердің функцияларын бұрынғы және қазіргі ИЕТ, СҚ, ЕЖЕ немесе олардың жақын адамдарынан орындайды. Олар сол ортаны жақсы білетіндіктен, сенімге ие және бейресми стильде жұмыс істейді.
Орталық базасында негізгі топтар үшін 3 сенім пункті (2 жылжымалы, 1 стационарлық), ЖЖБИ диагностикалау, емдеу және алдын алу үшін достық кабинеті жұмыс істейді.
Сондай-ақ, ЖИТС орталығының қызметкерлері және аутрич-қызметкерлерімен бірлескен мобильді бригада бекітілген кестеге сәйкес ХНТ орналасқан жерлерге күндізгі және түнгі рейдтерге шығады. Рейдтік іс-шаралар негізгі топтар өкілдерінің ең көп санын қамтуға және одан әрі жұмыс істеу үшін олармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.