АИТВ-ға сілекей сынамасын өз бетіңізше қалай жасауға болады
1. Тестілеуден бұрын кем дегенде 15 минут бойы тамақ жемегеніңізге, ішпегеніңізге және сағыз шайнамағаныңызға көз жеткізіңіз. Ауыз қуысының гигиенасына арналған қандай да бір құралдарды пайдаланған болсаңыз, сынақтан бұрын кем дегенде 30 минут күтіңіз. Тестке арналған штативті тегіс, тұрақты бетке қойыңыз. Сынақ құрылғысы мен әзірлеуші ерітіндісі бар сынақ пакетін ашыңыз. Әзірлеуші ерітіндісі бар құтыны алыңыз. Құты қақпағын абайлап ашыңыз және штативке қойыңыз.
2. Сынау құрылғысын үлгі жинау төсеміне (шпатель) тигізбей алыңыз.
3. Үстіңгі және астыңғы қызыл иектеріңізге үлгі жинау төсемімен бір рет ақырын жүргізіп шығыңыз.
4. Сынақ құрылғысын құтыға салыңыз. Таймерді 20 минутқа қосыңыз. Осы уақыт ішінде сынақ терезесінде қызғылт түс, содан кейін жолақ немесе жолақтар пайда болады.
5. Сынақ нәтижесін 20 минуттан ерте емес және сынақ құрылғысы құтыға салынғаннан кейін 40 минуттан кешіктірмей оқыңыз.