18
август 2022
АИТВ-ның жыныстық жолмен берілуінің алдын алу
17 тамызда ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Сандуғаш Жулмағамбетова "Жастар арасында АИТВ-ның жыныстық жолмен берілуінің алдын алу" тақырыбында семинар өткізді. Семинар "Наша жизнь" ҚБ аутрич қызметкерлері үшін өткізілді. Спикер қатысушыларды АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары, қатынасқа дейінгі АИТВ-ның алдын алу және Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдайлар туралы таныстырды. Іс-шара барысында қатысушылар семинарға дейін және одан кейін сауалнама толтырды.