Алға қаласының тұрғындары арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу жұмыстары
2019 жылдың қаңтардың 25-нде Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері, эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Ж.Кузбакова, алдын алу бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Д. Уразалинова және диспансерлік бөлімнің инфекционист дәрігері З.Нығметова, Алға қаласының тұрғындарына арнап АИТВ және ЖИТС алдын алу бойынша іс-шаралар ұйымдастырды. Орталық аудандық аурухананың медициналық қызметкерлері үшін, ауруханаішілік АИТВ-жұқпасының алдын алу мақсатында ұйымдастыру-әдістемелік көмектері көрсетілді.
Сонымен қатар ЖИТС орталығының қызметкерлері Алғадағы орта мектептердің медицина қызметкерлері мен аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы мен «Самғау» жастар денсаулық орталығының қызметкерлеріне арнап семинар ұйымдастырды. Семинарға қатысушылар «АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайымен», «Апатты жағдай» кезінде, қатынастан кейінгі АИТВ-жұқпасын алдын алу және АИТВ-жұқпасымен өмір сүретін адамдарға қоғамда түсіністікпен қарауды қалыптастырудың түйткілді мәселелері туралы да толығырақ мәлімет берді.