Полиция департаментінің баспасөз қызметіне арналған семинар
17 тамызда ЖИТС орталығының журналисті Р.Сейсенбаева облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне арналған "АИТВ/ЖИТС туралы тақырыпты БАҚ-та жариялау" тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында спикер АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары, Ақтөбедегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып, қатысушыларды АИТВ/ЖИТС проблемаларын жариялауға арналған терминологиямен таныстырды. Журналистер АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың стигматизациясын болдырмас үшін және ауру, оның алдын-алу және берілу жолдары туралы кең таралған қате түсініктерді жоққа шығару үшін ғылыми, медициналық және статистикалық мәліметтерге өте мұқият қарау керек.