Ақтөбе телеарнасына сұхбат
ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Динара Уразалинова 25 тамызда Ақтөбе телеарнасына «Сілекей (қызыл иек сұйықтығы) арқылы АИТВ-ға жедел тестілеу» тақырыбына сұхбат берді. Сынақ сілекей арқылы жүргізіледі және 20 минуттан кейін нәтиже береді. Бұл тест ыңғайлы, өйткені қан анализін жүргізу қажет емес.
Теріс нәтиже алған кезде "терезе кезеңі" туралы есте ұстаған жөн, ол кезде АИТВ-ны ықтимал жұқтырғаннан кейін 3 ай ішінде инфекцияның болуына қарамастан вирусқа қарсы антиденелер анықталмайды.
ЖИТС орталығының сенім пунктіндегі мамандары, сондай-ақ мобильді бригада күндізгі және түнгі рейдтер кезінде АИТВ-ның берілу жолдары және АИТВ-дан қорғану тәсілдері туралы ақпаратты ұсына отырып, халықтың негізгі топтарын жедел тесттердің көмегімен АИТВ-ға тексереді.