Балабақша тәрбиешілеріне арналған дәріс
25-26 тамызда Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының педагогы Меруерт Матаева АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәрістер өткізді. Іс-шара Ер төстік, Кәусар бұлақ, Думан балабақша тәрбиешілері арасында өтті.
Маман АИТВ-инфекциясы туралы негізгі ақпаратты: берілу жолдары, профилактикалық және емдік іс-шаралар туралы айтып берді. Спикер сондай-ақ АИТВ-оң адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол берілмейтіндігін атап өтті, өйткені берілу жолдары шектеулі және бүгінгі күні АИТВ инфекциясы созылмалы аурулар санатына өтті. Сондай-ақ, қатысушылар Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен танысты.