02
сентябрь 2022
Балабақша тәрбиешілеріне арналған дәріс
31 тамыз күні ЖИТС орталығының педагогы Матаева Мерует Ақтөбе қаласының №43 мектепке дейінгі балалар мекемесінің тәрбиешілеріне дәріс өткізді. Маман АИТВ-ның берілу жолдары қандай және өзін осы инфекциядан қалай қорғау керектігі туралы айтып берді. Апаттық жағдай туындаған кездегі әрекеттер алгоритміне үлкен мән берілді. Сондай-ақ тыңдаушыларды Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.