АРВ терапияға бейімділік
АРВ терапияға бейімділік -бұл пациенттің өмір сүру ұзақтығы мен сапасына тікелей әсер ететін бірнеше маңызды факторлардың бірі, өйткені ол анықталмайтын вирустық жүктемені толығымен қамтамасыз етеді, атап айтқанда ол пациенттің басқаларды жұқтыра алмайтын денсаулық жақдайы, оның иммундық жүйесі толықтай жұмыс істейді, оны жаңа (басқа) аурулардан қорғауға қабілетті.
Бейімділік -бұл:
- антиретровирустық препараттарды қолдану -үнемі, дозада және дәрігер тағайындаған схема бойынша;
- жүйелі тексерулер (оның ішінде әртүрлі талдаулар) және дәрігерге жоспарлы түрде бару; - салауатты өмір салтын сақтау және тамақтануға қатысты ұсынымдар;
- дәрігермен ашықтық пен сенімге толы ынтымақтастық. Емдеуге деген адалдық сіздің емдеуді бастауға деген саналы ниетіңізді және дәрігердің нұсқауына сәйкес дәрі-дәрмектерді қабылдау мүмкіндігін де қамтиды.
Емдеуді ұстану терапияның бір бөлігі және АИТВ-инфекциясын емдеудің тиімділігін анықтайтын маңызды элемент болып табылады. АРТ-ға бейілділіктің төмен деңгейі- емдеу тиімділігінің төмендеуіне ғана емес, сонымен қатар АИТВ-ның тұрақты түрлерінің пайда болуына да алып келуі мүмкін.