09
сентябрь 2022
Жастармен кездесу
8 қыркүйекте Ақтөбе қаласындағы CoWorking орталығында "АИТВ инфекциясының алдын алу, ерекшеліктері" тақырыбында жастармен кездесу өтті. Іс-шараға Жұбанов атындағы АӨМУ студенттері қатысты. Кездесуді қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Іс – шараны өткізудің негізгі мақсаты -АИТВ-инфекциясының таралу проблемасына және оның алдын алуға назар аудару. Қатысушыларға аурудың алдын алудың негізгі шаралары, уақтылы диагностикалау әдістері туралы ақпарат берілді.
Жиналған қауым алдында ЖИТС ОО алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева сөз сөйледі. Ол талқыланған тақырыптың маңыздылығын және университет студенттері арасында саналы және жауапты мінез-құлық қажеттілігін атап өтті. Ниет білдірушілер үшін психоәлеуметтік кеңес берумен жедел тестілеу өткізілді.