13
сентябрь 2022
Балабақша қызметкерлеріне арналған дәріс.
12 қыркүйек күні ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігер-эпидемиологы Сандуғаш Жұлмағамбетова «Думан» балабақшасының ұжымына дәріс оқыды. Маман АИТВ-ның жұғу жолдары және осы инфекциядан қалай қорғану керектігі туралы айтып берді. Төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер алгоритміне үлкен мән берілді. Сонымен қатар ол жиналғандарды Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.