13
сентябрь 2022
Жастар ресурстық орталығының қызметкерлеріне арналған дәріс
12 қыркүйекте ЖИТС ОО алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева жастар ресурстық орталығының қызметкерлеріне дәріс өткізді. Спикер АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы айтты. Жастар арасында есірткі тұтынудың алдын алу мәселелеріне үлкен мән берілді. Маман қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, сұрақтарға жауап берді.