16
сентябрь 2022
Медицина қызметкерлеріне арналған семинар.
13 қыркүйек күні ЖИТС ОО эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Жұмағүл Күзбақова №3 қалалық емхананың медицина қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинардың тақырыбы «27.11.2020 ж.ҚР ДСМ №ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығына сәйкес балалар мен жасөспірімдерді АИТВ -ға тексеру». Іс-шараның мақсаты -тексеруге міндетті көрсеткіштері бар балалар мен жасөспірімдерді АИТВ-ға тестілеумен 100% қамтуды қамтамасыз ету. Дәрігер әріптестерін облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.
Маман АИТВ-ның АИТВ-оң анадан ұрыққа берілу қаупін азайтуға, алдын-алу және емдеу әдістеріне, жаңа туған нәрестені тамақтандыруға үлкен мән берді.