20
сентябрь 2022
Аутрич қызметкерлерімен кездесу.
Қыркүйектің 14-і күні ЖИТС ОО профилактикалық бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева «Наша Жизнь» қоғамдық қорының аутрич қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу тақырыбы: Халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу. Іс-шараның мақсаты – осы санаттағы адамдар арасында АИТВ жұқтыру қаупін барынша азайту, алдын алу шараларын күшейту. Баяндамашы тыңдаушыларды ХНТ арасындағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды, қатынасқа дейінгі профилактикасы және оны халықтың негізгі тобындағы адамдардың алуының маңыздылығы туралы айтты.