20
сентябрь 2022
АИТВ-дан қорғау: презервативтер

Сапасы кепілдендірілген презервативтер -жыныстық қатынас арқылы АИТВ және басқа ЖЖБИ жұқтырудан қорғайтын жалғыз өнім болып табылады. Дұрыс пайдаланған кезде презервативтер әйелдерге де, ерлерге де АИТВ-ның алдын алудың дәлелденген және тиімді құралы болып табылады.
Маңызды:
- • Әр жыныстық қатынас кезінде презервативті қолданыңыз
- • Кеш киюді немесе ерте шешуді болдырмаңыз
- • Су немесе силикон негізіндегі майлау материалын пайдаланыңыз
- • Презервативті қайта қолданбаңыз
- • Жарамдылық мерзімін, қаптаманың бүтіндігін тексеріңіз, құрғақ және салқын жерде сақтаңыз

