21
сентябрь 2022
Денсаулық сақтау саласының өкілдерімен дөңгелек үстел.
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің лайықты төлемге еңбек құқықтарын қорғаудың кешенді мониторингі» жобасын іске асыру шеңберінде, Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің күнделікті қызмет барысындағы проблемалық мәселелері мен еңбек құқықтарының қамтамасыз етуліун анықтау мақсатында жүргізілген деректер жинақтау жұмысын қорытындылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны "Сенім тірегі"қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Аталған жобаның басты мақсаты- Ақтөбе облысының денсаулық сақтау субъектілерінде еңбекақы деңгейін теңестіруге ықпал ету, жұмыс берушілердің құқық бұзушылық деңгейін төмендету және сала қызметкерлерінің ағымдағы экономикалық және құқықтық жағдайы туралы медицина қауымдастығын хабардар ету.
ЖИТС орталығының өкілі Айжан Жайлаубаева өз қызметтеріндегі өзекті мәселелері туралы баяндама жасады. Ол АИТВ-инфекциясымен күрестегі дәрігерлер жұмысының ерекшеліктері туралы, орталықтың медицина қызметкерлері өздерінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде немен бетпе-бет келетіні туралы, ХНТ мен АӨСА-мен өзара іс-қимыл туралы айтып берді. Сонымен қатар барлық қатысушылар медицина саласындағы проблемалар мен олардан шығу жолдары туралы пікір алмасты.