21
сентябрь 2022
Медициналық университет студенттеріне арналған науқан
20 қыркүйек күні ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігерлері Айжан Жайлаубаева мен Динара Уразалинова М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің студенттері үшін науқан өткізді. Мамандар АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу шаралары туралы толық ақпарат берді. Облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Сондай-ақ, ниет білдірушілерді қызыл иек сұйықтық бойынша жедел тестілеу әдісімен АИТВ-ға тексерді және психоәлеуметтік кеңес берді.