07
октябрь 2022
Орта мектеп оқушыларымен кездесу
6 қазанда ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Құралова Анар Илек орта мектебінің оқушыларымен кездесті. Спикер АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары, стигма, АИТВ-инфекциясына байланысты кемсітушілікке жол бермеу туралы айтты. Жастар арасында есірткі тұтынудың алдын алу мәселелеріне үлкен мән берілді. Маман қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, сұрақтарға жауап берді.