07
октябрь 2022
Мектеп-интернат оқушыларына арналған дәріс
6 қазанда Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Сұлутас Дәулетбаева " АИТВ туралы не білу керек?» тақырыбына дәріс өткізді. Іс-шара облыстық санаторий-туберкулез мектеп-интернатының оқушылары үшін өтті.
Маман АИТВ-инфекциясы туралы негізгі ақпаратты айтты: берілу жолдары, алдын алу және емдеу шаралары. Сондай-ақ, спикер АИТВ-позитивті адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы атап өтті, өйткені берілу жолдары шектеулі және бүгінгі күні АИТВ-инфекциясы созылмалы аурулар санатына өтті. Дәріскер өз презентациясында оқушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен көрнекі түрде таныстырды.